Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды •

    Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады

    Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады. Ереже 10 қазанда Resmî Gazete басылымында жарияланды.

    Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады

    Фото: freepik

    Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы тиісті ереже 10 қазанда елдің ресми Resmî Gazete басылымында жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңа талап бойынша, әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын тіркелу кезінде мемлекеттік e-Devlet порталы арқылы тексеруге міндеттеледі. Белгіленген жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуға рұқсат берілмейді.

    15 жастан асқан жасөспірімдерге де бірқатар шектеу енгізіледі. Олардың әлеуметтік желідегі парақшалары міндетті түрде жабық болуы тиіс. Сонымен қатар жасөспірімдерге тек өз оқырмандарынан ғана жеке хабарлама алуға рұқсат етіледі.

    Бұдан бөлек, жасөспірімдерге тікелей эфир жүргізуге, жеке қызығушылықтарына негізделген жарнамалар мен басқа аккаунттардың ұсыныстарын алуға тыйым салынады. Телефон кітапшасындағы байланыстарды және өзге сервистердегі деректерді әлеуметтік желілермен синхрондау мүмкіндігі де шектеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →