Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Ресейлік антрополог: «Қазақтар жылқыны алғаш қолға үйреткен халық емес»

    Ресейлік антрополог: «Қазақтар жылқыны алғаш қолға үйреткен халық емес»

    Ресейлік антрополог әрі ғылымды насихаттаушы Станислав Дробышевский қазақ даласындағы Ботай мәдениетін жылқыны алғашқы қолға үйреткен өркениет ретінде қарастыруға күмән келтірді. Бұл туралы ол «Лекторий Достоевский» YouTube арнасындағы «Орыстардың шығу тегі» атты видеосында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Ботайлықтар – жылқыны үйретпеген, олар оны аулаған»

    Дробышевский қола дәуіріндегі тарихи процестерді талдай келе, Ботай мәдениетіндегі жылқылар үйретілген емес, аулауға арналған жабайы жануарлар болған деп есептейді:

    «Қазақтар Ботай мәдениетін алғаш жылқы қолға үйретілген мәдениет деп санайды. Бірақ олай емес. Ботай жылқылары – бұл палеонтологтарға түсінікті түрде – жай ғана аулау нысаны. Бұл – қазақтар үшін көңілсіз жаңалық», – деді ол.

    Ғалымның пайымынша: Жылқыны алғаш үйреткен – Оңтүстік Орал аймағы

    Зерттеушінің айтуынша, жылқыны қолға үйрету шамамен Оңтүстік Орал немесе Қырымға дейінгі кең аймақта орын алған:

    «Ұзақ уақыт бойы жылқылар болған жоқ. Сосын бір жақсы адамдар жылқыны қолға үйретті — шамамен Оңтүстік Оралда. Бірақ нақты орны кең болуы мүмкін», – деді Дробышевский.

    Ал ғылыми деректер не дейді?

    Nature ғылыми журналында жарияланған археологиялық және генетикалық зерттеулерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті (б.з.д. 3700–3100 жж.) жылқыны алғаш қолға үйреткен тарихи орталықтардың бірі болып саналады.

    Бұл зерттеулерге сүйене отырып, көптеген ғалымдар қазақ даласындағы Ботай қоныстарыжылқы шаруашылығының бастау алған жері деп таниды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →