Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «GGG-дің ізбасары» қиын қарсыласпен жұдырық түйістірмек

    «GGG-дің ізбасары» қиын қарсыласпен жұдырық түйістірмек

    Фото: inbusiness.kz, жеке мұрағат

    Виктор Темиров (10-0, 7 KO) орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық спортшы саналады.  BoxRec.com басылымы оның 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында рингке қайта оралатынын жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

    Боксшының қарсыласы – венесуэлалық Карлос Риверо (32-12-1, 21 KO). Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді және 6 раундқа жоспарланып отыр.

    Риверо есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс деуге болады. Ол 2024 жылы Алматыда қазақстандық Әли Ахмедовпен (25-2, 17 KO) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.

    Карлос соңғы жекпе-жегін 28 наурыз күні Сербияның Бор қаласында өткізді. Ол онда жергілікті боксшы Мильян Джорджевичке (22-2, 12 KO) жол берді.

    Ал Темиров соңғы рет ақпан айында рингке шығып, германиялық Доменик Арнольдты (5-1, 2 KO) сұлатып, орта салмақта WBF чемпионы атағын жеңіп алды.

    Еске салайық, Виктор Темиров кәсіби рингте «Қасапшы» деген лақап атқа ие. Қазақстандық боксшыны неміс жанкүйерлері атақты жерлесі Геннадий Головкинмен жиі-жиі салыстырады және GGG-дің ізбасары ретінде таниды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →