Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті • Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді • Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды • 1938 жылдан бүгінге дейін: «Қазақмыс» Балқаш зауытының жаңа даму кезеңін қалыптастыруда • Блогер Ырысбала Икрамбайдың тойда ақша шашуы сынға қалды • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты • Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті • Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді • Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды • 1938 жылдан бүгінге дейін: «Қазақмыс» Балқаш зауытының жаңа даму кезеңін қалыптастыруда • Блогер Ырысбала Икрамбайдың тойда ақша шашуы сынға қалды • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты •

    «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде

    «Аталанта» мен «Кайрат» Конференциялар лигасының үшінші турында кездеседі. Матч 5 қарашада Бергамода өтіп, Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

    «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде

    Сурет: sports.kz

    5 қараша, бейсенбі күні Бергамодағы (Италия) New Balance Arena стадионында Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің үшінші туры аясында «Аталанта» «Кайратты» қабылдайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Аталанта» — «Кайрат» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

    Екі турдан кейін «Аталантаның» еншісінде үш ұпай бар, ал «Кайрат» екі ойында бір ұпай жинады. «Аталанта» жалпы кезеңдегі алғашқы ойынында кипрлік «Пафосты» өз алаңында 3:1 есебімен жеңді, ал екінші турда сыртта нидерландтық «Аякске» 0:2 есебімен жол берді. «Кайрат» латвиялық «Ригамен» сыртта 1:1 есебімен тең ойнап, содан кейін Алматыда грек «Панатинаикосынан» 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. Сондай-ақ жалпы кезеңде Рафаэль Уразбахтиннің командасы нидерландтық «Твенте», румыниялық «Университатя» (Крайова) және шведтік «Мьельбю» клубтарымен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →