Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Төрт ұлдан кейін: Актер Әбілмансұр Серіков қызды болды

    Танымал қазақстандық актер Әбілмансұр Серіков бесінші рет әке атанды. Төрт ұлдан кейін өнер иесі қызды болды. Актер қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті.

    Төрт ұлдан кейін: Актер Әбілмансұр Серіков қызды болды

    Сурет: sn.kz

    Танымал актер Әбілмансұр Серіков бесінші рет әке атанды. Төрт ұлдан кейін өнер иесінің отбасы қыз баламен толықты. Актер жары мен жаңа туған сәбиін перзентханадан шығарып алу сәтін әлеуметтік желіде жариялап, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған видеосының астына «Көптен күткен кездесу» деп жазба қалдырған. Кадрлардан актердің жары мен қызын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алып жатқанын көруге болады.

    Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі сәбидің бұдан ертерек дүниеге келгенін болжап, түрлі пікір жазуда. Кейбір оқырмандар ерлі-зайыптыларды жаңа туған нәрестемен бұрыннан көргендерін айтса, енді бірі оқиғаның тым жылдам өрбігеніне таңданыс білдірген.

    Еске сала кетейік, Әбілмансұр Серіков пен оның жұбайы 2 мамыр күні болашақ сәбидің жынысын анықтауға арналған рәсім өткізіп, қыз күтіп жүргендерін жариялаған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →