Түркияда бойжеткеннің құлағында сымсыз құлаққап жарылды
Фото: karar.com Түркияда сымсыз құлаққапқа қатысты келеңсіз оқиға орын алып, заманауи гаджеттердің қауіпсіздігіне жұрттың назарын аудартты. Бойжеткеннің Samsung маркалы құлаққабы дәл құлағында жарылып, ол ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бойжеткен музыка тыңдап отырғанда, кенет құлағында тарс еткен дыбысты естіген. Сымсыз құлаққаптардың бірі кенет жарылып, есту арнасы мен құлақ жарғағына зақым келтірді….
