Көрші елде қайтыс болған адамның үйінде мал сойып, ас беруге тыйым салынды
Қырғызстанда қайтыс болған адамның үйінде бастапқы үш күнде мал сойып, ас беруге тыйым салынды. Елдің мүфтияты осындай пәтуа шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Осылайша көршілес ел ысырыпшылдықпен күрескелі жатыр. Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, Ислам шариғаты бойынша қайтыс болған адамды жерлеген үйде үш күнге дейін жоқтау айтылып, туған-туыс пен көрші-қолаң оларға көңіл айтады….
