«Қайраттың» жұлдызды қақпашысы жаңа клубтан шақырту алды

Фото:”Қайрат” фк Алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта «Қайрат» клубына ресми ұсыныс жолданады. «Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы»,…

Толық оқу

Спорт министрі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына пікір білдірді

Фото:Stan.kz collage Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. “Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай орын алды. Алайда екінші сынама ашылады бұл 8 қаңтарда болады. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпаратты содан кейін жариялаймыз»,…

Толық оқу

Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінген

Фото: ҰОК 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындық жүргізу үшін 13,3 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Сонымен қатар ұлттық құраманың дайындығын күшейту мақсатында шетелден 13 ТОП-деңгейдегі жаттықтырушы-кеңесші тартылды. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда қысқы олимпиадалық спорттың 13 бағыты дамып келеді. Олимпиадалық резервті…

Толық оқу

«Үлгі болатын тұлға»: Роналду бұрын-соңды алмаған атаққа ие болды

Коллаж: QazaqToday Әлем футболының аңызы Криштиану Роналду үшінші жыл қатарынан «Таяу Шығыстың үздік ойыншысы» атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сауд Арабиясының Әл-Наср клубында өнер көрсететін шабуылшы марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мансабындағы басты мақсатын ашық айтты. Футболшының айтуынша, оның келесі үлкен межесі – 1000 гол соғу. «Мақсатым баршаңызға белгілі. Көбірек жеңіске жетіп, 1000 голға қол жеткізгім келеді….

Толық оқу

Grand Slam турнирі: Елдос Сметов тізімде жоқ

Фото: Изтургана Алдауева 7–8 ақпан күндері Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошылары анықталды. Алайда бұл жарыста Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ел намысын қорғамайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Париждегі беделді турнирде Қазақстан атынан келесі спортшылар бақ сынайды: 48 кг – Әбиба Әбужақынова 60 кг – Шерзод Давлатов 66 кг – Ғұсман…

Толық оқу
Яндекс.Метрика