Жүктіліктің 25-ші апталығы: Алматыда аяғы ауыр әйелдің жатыры жарылып кетті
Алматылық дәрігерлер жатырын жарып жіберген көп балалы анаға 64 доза қан мен плазма құйып, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Алматы қаласының № 2 қалалық перинаталдық орталығына науқас жүктіліктің 25 аптасында жеткізілді. Бұл оның бесінші босануы болды және ол жатырдың жарылуы қаупімен келді — бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін жағдай. Соңғы сәби…
