«Қазақфильм» жер сату және өткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған киностудияның жер учаскесін сату және өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Студия бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін және таралған ақпаратты теріске шығаратынын мәлімдеді. Жер учаскесі және ғимарат сатуға шығарылмаған «Қазақфильм» студиясы қазіргі уақытта Рысқұлов даңғылы бойындағы учаске мен…

Толық оқу

Алматы облысында жер сілкінді

Алматыдан 258 шақырым қашықтықта 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.  Сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 10:50-де жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. «Зілзала күші Алматы облысының Нарынқол және Кеген ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді», – делінген станция хабарламасында.

Толық оқу

Францияда қазақ тарихына арналған көрме ашылады

Ұлы дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі. 6 қараша күні Париждегі Гиме музейінде қазақ тарихына арналған көрме ашылады. Көпшілік назарына 4 жылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек артефакттар ұсынылады. Оны қазақстандық музейлер ұсынған. Қазір Франция астанасында аталған шара қарсаңында ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр.

Толық оқу

5 мыңнан астам астаналық JOLTAP әлеуметтік жобасының арқасында жұмыс тауып, бизнес бастады

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Астанада жергілікті тұрғындарға жұмыс табуға, кірістерін көбейтуге және қысқа мерзімде жаңа мамандықтарды игеруге көмектесетін JOLTAP ауқымды жобасы іске асырылуда. Осы уақыт ішінде оның аясында ондаған мың азамат мамандардан кеңес алып, оқу курсынан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жоба Астана әкімдігінің бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда….

Толық оқу

Қоштасу кеші өтеді: құрылғанына 25 жыл толған «Орда» тобы тарайтын болды

Көпшіліктің ықыласына бөленген «Орда» тобы тарайтын болды. Бұл туралы топ мүшелері Revue News бағдарламасына берген сұхбаттарында мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today. Жалпы, «Орда» тобының құрылғанына – 25 жыл. Топ мүшелері дәл сол мерейтой қарсаңында сахнамен қоштасуға шешім қабылдап отыр. — Келесі жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр….

Толық оқу
Яндекс.Метрика