«Ғарыштық баға»: Мемлекеттік бағдарламалардың іске қосылуы пәтер құнының өсуіне әкеледі
Фотоколлаж: Qazaq.today Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасы 4,1 пайызға қымбаттады. Қаңтар айында жаңа пәтердің 1 шаршы метрі орташа алғанда 499,9 мың теңгеге бағаланған. Ал, Алматы мен Астана қалаларында халық тығыз орналасқандықтан, бұл аймақтардағы бағаның орташа көрсеткіші шаршы метріне 582 мың теңгеден жоғары. Көктемде ипотекалық бірнеше бағдарлама іске қосылатындықтан, пәтер бағасы алдағы уақытта қалай құбылмақ?…
