Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат

    Kaspi банк акционері Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алмақшы

    Kaspi банк акционері Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алмақшы

    Фото: azh.kz

    Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алмақ ниетте екенін растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алу туралы өтініш бердім. Бұл өтінішті агенттік қарастырып жатыр. Реттегіш өтінішті егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Бұл транзакцияның Kaspi.kz компаниясына еш қатысы жоқ”, – дейді Вячеслав Ким.

    Мұндай ақпарат ақпан айының басында пайда болды. Алайда кәсіпкердің өзі де, мемлекеттік реттеушілер де бұл туралы түсініктеме бермеді.

    Бұл өтінішке қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Курсивтің”сұрауына жауап берген.

    “Заң талаптарына сәйкес, Агенттіктің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешкімнің жеке дара немесе басқа тұлғамен бірлесіп банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға құқығы жоқ. Келісім беру – мемлекеттің құзырындағы қызмет. Ол 50 жұмыс күнінде қаралады. Сұралған ақпаратқа қатысты, азаматтар арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған мәміле коммерциялық құпияға жататынын хабарлаймыз. Коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтерді алу құқығы бар тұлғалар шеңберін азаматтар мен заңды тұлғалар дербес белгілейді”, – делінген хабарламада

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →