Қостанай облысындағы кәсіпорын аумағында жұмысшы көз жұмды

Қостанай облысындағы кәсіпорын аумағында бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 2024 жылғы 22 қарашада «Качары Руда» АҚ аумағында болды. Вахталық көліктің жүргізушісі әкімшілік-тұрмыстық корпустың алдында қозғалыс бастап, маневр жасағанда басқа вахталық көліктің жүргізушісін басып кетті. Қызметкер алған жарақатынан көз жұмды. «Качары Руда» АҚ ұжымы мен…

Толық оқу

Ақтөбеде депо бастығы сотталып кетті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты „ҚТЖ-Жүк тасымалы“ ЖШС „Батыс“ филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», —…

Толық оқу

Шымкентте арыстанның күшігін базарда сатпақ болғандар ұсталды

Шымкенттегі базарда «тірі тауар» — арыстанның күшігін сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жедел уәкіл қызметкерлері жануарды Түркістан облысының тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан. «Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді», — делінген полиция хабарламасында. Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш…

Толық оқу

Қарағанды облысында үш жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды

20 қарашада Алматы – Екатеринбург автожолының 1063 шақырымында үш көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жергілікті полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт Қарағанды облысының полициясында тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Толық оқу

Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 12 қатысушыдан тұратын тұрақты ұйымдасқан топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023…

Толық оқу
Яндекс.Метрика