Атырауда 84 киіктің өлексесі табылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты екі ауылда киіктердің өлексесі табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлекселер қазан айынан бастап табыла бастаған. Ауыл тұрғындары жағдайды құзырлы органдарға хабарлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Киіктердің сүйектері мен олардың ішкі ағзаларынан алынған патологиялық материалдар Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығының зертханасына сараптамаға жіберілді….

Толық оқу

Жітіқарадағы жанталас: Қостанай облысында өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ Қостанай облысында көпқабатты үй өртке оранып, тұрғындар эвакуацияланды. ТЖМ қызметкерлері өртеніп жатқан үйден бір әйелді алып шықты, деп хабарлайды Todayinfo. Жітіқара қаласының 11-шағын ауданында бес қабатты тұрғын үй өртке оранған. Аязды күні халық баспаналарын тастап шығуға мәжбүр болды. — Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге асықты. Қатты түтінге және жоғары…

Толық оқу

Інісін құтқармақ болған: Алматы облысында бір үйдің екі баласы құдыққа құлап кеткен

Фото: ТЖМ Алматы облысының Ұйғыр ауданында бір үйдің екі баласы құдыққа құлап, жазып бола жаздады. Шонжы ауылында орын алған оқиға құтқарушылардың арқасында сәтті аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Оқиға жеке тұрғын үй аумағында болған. Тереңдігі екі метр болатын құдыққа абайсызда бір жасар бала түсіп кеткен. Мұны байқаған сегіз жастағы әпкесі көмекке ұмтылғанмен, құдыққа өзі де түсіп, қайта…

Толық оқу

Атырауда көлік қаққан 59 жастағы әйел тіл тартпай кетті

Атырау қаласында 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 6 желтоқсанда болған. «Бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында Атырау қаласының «Сарықамыс» шағын ауданындағы Тұран көшесінің бойында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті….

Толық оқу

Облыс әкімі қабылдамаған: Ақтауда үстіне бензин шашқан тұрғын өзін өртеп жіберді

Фото: anhor.uz Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының жанында өзін өртеп жіберді. Тұрғын аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесуді талап еткен. Алайда тұрғынды облыс әкімі қабылдамаған соң, ол ғимарат алдында өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Atyrau ONLINE телеграм каналына сілтеме жасап. «Әкімдік қызметкерлері азаматқа бүгін облыс әкімі жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізбейтінін түсіндірді. Оған қабылдау…

Толық оқу
Яндекс.Метрика