Паркинг, қазандық және трансформаторлы қосалқы станция: Dragon City тұрғындарының мәселелері қалай шешіледі

Фото: Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы «Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар жерасты тұрағын заңсыз қайта сату, қазандықтың жұмысы және жерасты үй-жайында трансформаторлы қосалқы станцияны орналастыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Тұрғындар бастапқы жоба бойынша пәтерлер паркингпен бірге сатылғанын айтты. Кейінірек…

Толық оқу

Дархан Сатыбалды «Алатау Жарық Компаниясына» барып, Алматының энергетика жүйесін дамыту мәселесін талқылады

Әкім Алматының энергожүйесін басқаруда цифрлық технологияларды енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaq.today. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Алатау Жарық Компаниясына» барды. Аталған компания – Алматы мен Алматы облысындағы 4 миллионға жуық тұтынушыны электр энергиясымен қамтитын ең ірі энергия таратушы ұйым. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы кәсіпорынның қызметін, жүзеге асырылып жатқан жобаларды…

Толық оқу

7 күн жабық тұрады: Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Алматы әкімдігі Қала күніне орай Алматыда ауқымды дайындық жұмыстары басталады: концерттік іс-шараларды өткізу үшін сахна, трибуна және басқа да қажетті жабдықтар орнатылады, деп хабарлайды Qazaq.today. Осыған байланысты, 17 қыркүйек сағат 10:30-дан 23 қыркүйекке дейін Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады. Уақытша шектеулерді ескеріп, мерекелік іс-шараларға дайындықпен…

Толық оқу

Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Елордада жыл сайын тартымды орындар қатары көбейіп келеді. Осы мақсатта қала аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Жұмыстың басым бөлігі аяқталуға жақын. Абаттандыру кезінде қалада…

Толық оқу

Алматының Әуезов ауданында жаңа сквер пайда болды

Фото: Алматы әкімдігі  Алматының Әуезов ауданының 8-шағынауданында, Алтынсарин көшесінің бойындағы №37 үйдің жанында бұрын бос тұрған жер абаттандырылды, деп хабарлайды Qazaq.today. Жоба «Сұлтан құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы арқылы 2025 жылғы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бос жатқан аумақта тұрғындардың серуендеуіне және демалуына арналған жаңа сквер салынды. Абаттандыру барысында жаңа асфальт…

Толық оқу
Яндекс.Метрика