Шымкенттегі түнгі клубта жаппай төбелес болды
Фото: pixabay Төбелес 3 ақпан күні сағат 02:00 шамасында Pandora түнгі клубында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Келушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған. «Полицияға 60-қа жуық адам жеткізіліп, барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.
