Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Каспий теңізін мекендейтін итбалық күшіктеп жатыр

    Фото: Балық шаруашылығы комитеті

    Каспий теңізінің қазақстандық секторына жататын солтүстік бөлігіндегі мұздың қалыңдығы — 16 см. Теңіздің  Құлалы және Қаламқас аралында итбалықтың күшіктегені анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Каспий итбалығы – бес елге ортақ теңіз фаунасындағы сүтқоректілердің жалғыз түрі, деп жазады kaz.inform.  Итбалық балықты, оның ішінде майшабақты, бұзаубас, атерина, сондай-ақ моллюска мен асшаянын қорек етеді.

    «Каспий итбалығы теңіздің солтүстік акваториясын және орталық жағалауын мекендейді. Маусымдық миграция кезінде теңіздің Түркіменстанмен шекарасынан Қазақстандағы жағалауды қоса алғанда Жайық өзенінің сағасына дейінгі аумаққа жүзіп шығады. Италбықтың оңтүстік және орта теңізден солтүстік бөлікке миграциясы қараша айында аяқталады. Оны Каспийдің солтүстік-шығысынан да кездестіруге болады. Желтоқсанның соңына дейін теңіздің Комсомолец шығанағынан Жайық өзенінің атырабына дейінгі солтүстік-шығыс бөлігінің таяз аумағын мекендейді. Бұл аумақ итбалықтың миграциясына, қоректенуі мен демалуына қолайды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

    Қыс маусымында итбалық Солтүстік Каспийдің батыс және шығыс бөлігін, орталық акваториясын мекен етеді. Қаңтар-наурыз айларында итбалықтың көбеюі, қоректенуі, жұптасуы мен түлеуі Солтүстік Каспийдің мұз қатқан бөлігі мен аралдарында өтеді. Аналық дарақтар күшіктеу және күшіктерді қоректендіру үшін мұзға келеді. Аналық дарақ бір күшікті, сирек жағдайда екеуін дүниеге әкеледі. Итбалықтың күшіктеуі қаңтардың екінші жартысында басталған.

    «Теңіздегі мұз 2023 жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінен қата бастады. «Қазгидромет» РМК-ның теңіздегі станциялары мен бекеттерінің ғарыштық суреттеріне, жедел деректеріне сәйкес, Каспийдің солтүстік жағалауында мұз қалыңдығы 16 см-ге дейін жеткен. Мұздың бұл қалыңдығы каспий итбалықтарының көбеюіне қолайлы ахуал қалыптастырды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 26 қаңтардан бері Каспий итбалығыны мониторинг жүргізді. Ақпанның 7-сі күнгі жағдай бойынша Құлалы, Қаламқас аралында итбалықтардың күшіктері анықталды. Теңіз жануарының арасынан ауру, не әлсізі кездескен жоқ. Итбалықтардың жаппай күшіктеуі 10-25 ақпан аралығында өтеді», — деп мәлім етті комитеттің баспасөз қызметінен. 

    Еске сала кетелік, бұдан бұрын Солтүстік Каспийде мұз қалыңдығы біркелкі болмауынан күшіктеріне қауіп төніп тұрғанын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →