Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Исламабадтағы ауруханада болған өрттен 14 нәресте қаза тапты Бурабайда адасып кеткен қыз бес сағаттан кейін табылды Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Исламабадтағы ауруханада болған өрттен 14 нәресте қаза тапты Бурабайда адасып кеткен қыз бес сағаттан кейін табылды

    Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

    Фото: Ақтөбе Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

    Қазір облыс аумағындағы 7 республикалық және 7 облыстық маңыздағы автомобиль жолдары жабық, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Төтенше жағдайлар департаменті, полицейлер мен Ақтөбе әскери горнизонының қызметкерлері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін қар құрсауынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Олар жақын маңдағы жылыту пункттері мен елді мекендерге жеткізілген. Ешқайсысы медициналық көмек қажет етпеді, деп жазады inbusiness.kz.

    Ал, облыс орталығында қатты желдің екпініне шыдамаған 5 көп қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ, Әйтеке би ауданына қарасты Қарабұтақ ауылындағы мектептің де төбесінің бір бөлігі құлап түскен. Облыс бойынша 2 мың абонент жарықсыз отыр. Кейбір елді мекендерге құтқарушылар мен энергетиктердің баруы қиындады. Жағдай, әсіресе, жоғарыда аталған Хромтау мен Әйтеке би аудандарында қиын. Осыған байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жөнінде шешім қабылданды.

    «Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би  аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс», — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →