Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан

    Қазақмыста өндірістік қауіпсіздік бойынша қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламасы басталды

    Қазақмыста өндірістік қауіпсіздік бойынша қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламасы басталды

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» корпорациясында жарияланған Қауіпсіздік жылы аясында компания өндірістік қауіпсіздік бойынша «QauipsizdikStart» (QStart) кіріспе курсын  іске қосты. Бағдарлама еңбекті қорғау жөніндегі бекітілген стратегияға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша қызметкерлерді оқыту мен олардың білімін бағалауды қамтитын ішкі оқыту тұжырымдамасына сай әзірленді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ілкі жоба Балқаш қаласындағы Кадр даярлау және қайта даярлау орталығы базасында іске қосылды. Кіріспе курс бағдарламасын орталықтың Балқаш және Сәтбаев қалаларындағы мамандары «Қазақмыс» Тобының жұмыскерлері үшін арнайы әзірледі.

    Курс офлайн форматта өтеді, ұзақтығы – 8 сағат және қорытынды тестілеуден тұрады. Бағдарлама қауіпсіздік мәдениетінің негізгі элементтерін қамтиды, атап айтқанда: өмірді сақтайтын ережелер (Life Saving Rules), қауіпті анықтау және тәуекелді бағалау, қауіптілігі жоғары жұмысқа рұқсат беру тәртібі, техникамен және көлік құралымен қауіпсіз жұмыс істеу, жеке қорғаныс құралдарын қолдану, оқыс оқиға мен апаттық жағдай кезіндегі іс-қимыл.

    Әрбір жұмыскердің қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты тоқтату құқығына ерекше назар аударылды. Бағдарламаның бірегейлігі ішкі сараптаманың қолданылуымен және нақты өндірістік кейстерді талдаумен айқындалады.

    Қазіргі уақытта оқытудан 36 адам өтті. Апта ішінде 55 қызметкерді қамту жоспарлануда. Жалпы, бағдарлама компанияның негізгі персоналын кезең-кезеңімен оқытуға бағытталған.

    Өткізіліп жатқан семинар қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және өндірісте қауіпсіз мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыру өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге, оқыс оқиғалардың алдын алуға және компанияның барлық бөлімшелерінде қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде дамытуға ықпал етеді.

    t.me/kazakhmys_news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →