Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстандағы аяз бәсеңдейді: Ел бойынша ауа райы жылынып келеді

    Қазақстан бойынша ауа райы жұмсарып келеді: кей өңірлерде жауын-шашын және тұман болса да, ауа температурасы көтеріле бастады.

    Қазақстандағы аяз бәсеңдейді: Ел бойынша ауа райы жылынып келеді

    Фото: pexels.com

    Алдағы күндері еліміздің батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігін атмосфералық фронттар қамтып, жауын-шашын мен көктайғақ әкеледі. Солтүстік өңірлерде боран соғуы мүмкін, ал республика көлемінде тұман мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

    • Батыс өңірлерде түнде -8…+5°С, күндіз -3…+8°С;
    • Солтүстік-батыста түнде -5…-20°С, күндіз -8…+1°С;
    • Солтүстікте түнде -7…-15°С, күндіз -2…-10°С;
    • Орталықта түнде -5…-15°С, күндіз -6…0°С;
    • Шығыста түнде -10…-20°С, күндіз -2…-13°С;
    • Оңтүстікте түнде -7…+2°С, күндіз +1…+14°С;
    • Оңтүстік-шығыста түнде -8…0°С, таулы аудандарда -13…-18°С, күндіз -3…+12°С, таулы жерлерде -3…+2°С.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →