«Түсіндірудің қажеті жоқ»: Танымал блогер баласының есімін өзгертті

Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Зухра Хакиева ұлының атын өзгертуге тура келгенін айтып, көпшілікті ойландырды. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

Ол бұл шешімін әлеуметтік желідегі парақшасында түсіндіріп, әрбір ана үшін баласының амандығы бәрінен қымбат екенін атап өтті.

«Бүгіннен бастап ұлымның есімі — Даниял. Артық түсіндірменің қажеті жоқ. Әр ана үшін баласының саулығы мен амандығы бірінші орында тұрады. Бұл есім жүрегіме өте жақын. Бастапқыда-ақ осы атты қойғым келген еді. Даниялым аман болсын, нар тұлғалы, абыройлы, иманды, жанашыр, ғұмырлы болып өссін», — деп жазды блогер.

Желі қолданушылары Зухра Хакиеваның шешімін қолдап, баланың жаңа есіміне қатысты ақ тілектерін жаудырды.

«Құтты болсын, жаңа есім», «Өте әдемі ат. Есіміне сай өмірі нұрлы, дені сау, жүрегі таза, елге сыйлы азамат болып өссін», «Үлкен азамат болсын», «Көз тимесін. Даниял анасының қуанышы, қорғанышы болсын», — деп жазды оқырмандар.

Көпшілік блогердің бұл қадамын түсіністікпен қабылдап, ұлына тек жақсылық тіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика