Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты •

    Әкімдік салғырттығы ма? Қарағандыда ашық құдыққа көлік құлап кетті

    Әкімдік салғырттығы ма? Қарағандыда ашық құдыққа көлік құлап кетті

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қарағандыда адам өміріне зор қауіп төнген оқиға тіркелді. Қаланың Юго-Восток, Степной шағынауданында таңғы сағат 7:30 шамасында жүргізуші қардың астында қалып қойған ашық құдықты аңғармай, көлігімен соған құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оқиға кезінде автокөлікте кішкентай баласы бар әйел отырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда көлікке едәуір материалдық шығын келтірілген. Куәгерлердің сөзінше, жолдың бетін қалың қар басып жатқандықтан, қауіпті шұңқыр мүлде байқалмаған.

    Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба тұрғындардың наразылығын күшейтті. Қала халқы коммуналдық қызметтердің салғырттығын сынға алып, ашық құдықтардың дер кезінде жабылмауы адамдардың өмірін күн сайын қатерге тігіп отырғанын айтуда.

    Тұрғындар жауапты органдардан нақты шаралар қабылдауды, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →