Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Алматыда интернет пен банк қосымшалары бір мезетте істен шықты

    Алматыда интернетпен қоса, бірнеше банктің мобильді қосымшалары уақытша істен шықты. Қазір техникалық жұмыстар жүргізілуде.

    Алматыда интернет пен банк қосымшалары бір мезетте істен шықты

    Фото: pexels.com

    Алматыда таңертеңнен бері мобильді интернет пен бірнеше банк қосымшалары дұрыс жұмыс істемей жатыр. Қала тұрғындары желіге қосыла алмай, қаржылық қызметтерден уақытша үзілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Kcell / Activ өкілдерінің айтуынша, байланыс қызметіндегі іркіліс «оператордың бақылауынан тыс жағдайларға» байланысты туындаған. Аталған операторлар ақаудың нақты себебін жариялаған жоқ.

    Сонымен қатар, Отбасы банк пен Halyk Bank қосымшалары арқылы қызмет алу мүмкін болмай қалды. Қолданушылар жүйеге кіре алмай, «Сұраныстар тым көп. Кейінірек қайталап көріңіз» деген хабарлама алып жатыр.

    Интернет ақауы банктер қызметіне де әсер етті

    Отбасы банк те техникалық ақауға байланысты Баспана маркет платформасының уақытша қолжетімсіз екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда банктер техникалық жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлап отыр.

    Мамандар интернеттегі осындай күрделі іркілістер қаржылық сервистердің жұмысын тежейтініне назар аударады. Қазір бұл проблема тек Алматыда ғана емес, басқа өңірлерде де байқалып жатқаны хабарлануда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →