Алматы облысында автобус жолаушысы 15 тәулікке қамалды: не болды?

Фото: pexels.com

Алматы облысында қоғамдық автобус ішінде өзін дөрекі ұстап, жанжал шығарған ер адам анықталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.

Оқиға видеосы желіде тарап кеткен соң құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтаған. Белгілі болғандай, ол оқиға кезінде мас күйде болғанын мойындады.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжаттар сотқа жолданып, нәтижесінде ол «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ер адам 15 күнге қамауға алынды.

Қоғамдық тәртіпсіздікке жауапкершілік күшейтілді ме?

Полиция өкілдері бұл жайтқа қатысы бар азаматтың әрекеттері қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзуға жататынын айтты. Олардың айтуынша, мұндай оқиғаларда құқық қорғау органдары жедел әрекет етеді және жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.

Департамент өкілдері қоғамдық орында бейәдеп сөз айту, арандатушылық пен өзгелерге тіл тигізу әрекеттері еш кешірілмейтінін ескертті.

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті сақтау үшін азаматтарды өзара құрмет пен жауапкершілікке шақырып отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика