Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! •

    Жалған үлескерлер ісі: Астанада 170 пәтер заңсыз қолды болған

    Жалған үлескерлер ісі: Астанада 170 пәтер заңсыз қолды болған

    Фото: Qazaq.today

    Астанада бұрын сотталған танымал құрылыс компаниясының басшысына қатысты жаңа тергеу басталды. Ол жетімдер, көпбалалы отбасылар және мүгедектерге берілуі тиіс құны 2,3 миллиард теңгелік пәтерлерді заңсыз иемденді деп күдіктелуде. Бұл туралы Qazaq.today порталы хабарлайды.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті бұрын «Төленді» тұрғын үй құрылыс кооперативін (ЖСК) басқарған Айдын Байжұманов болуы мүмкін. Бұл жолы алаяқтық схемасы әлдеқайда күрделі әрі ауқымды болғанға ұқсайды.

    Ескі қылмыскердің жаңа айласы

    Айта кетейік, Байжұманов бұған дейін де істі болған. 2016 жылы ол Астанадағы пәтерлерді екі адамға қатар сату (қосарланған сату) дерегі бойынша айыпталып, үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Ол абақтыда отырғанда, жартылай салынған үйлерді мемлекет өз қамқорлығына алды. Астана әкімдігі құрылысты аяқтап, дайын болған пәтерлердің бір бөлігін халықтың әлеуметтік осал топтарына беруді жоспарлаған.

    «Жалған үлескерлер» схемасы қалай жұмыс істеді?

    Тергеу нұсқасы бойынша, бостандыққа шыққан экс-басшы ескі әдетіне қайта басқан. Ол сыбайластарымен бірге жалған құжаттар жасап, жаңа қылмыстық схема құрған.

    Атап айтқанда:

    • Олар 80-нен астам адамды «жалған үлескер» ретінде тіркеген;

    • Осы адамдар арқылы уәкілетті ұйымнан 170 пәтерге заңсыз құқық алған;

    • Кейіннен тегін алынған бұл пәтерлерді үшінші тұлғаларға сатып, пайда көрмек болған.

    Нәтижесінде, мемлекет есебінен салынған, шын мәнінде баспанаға мұқтаж жандарға бұйыруы тиіс 2,3 млрд теңгенің мүлкі алаяқтардың қолына өтіп кете жаздаған.

    Қазіргі уақытта Айдын Байжұманов пен оның сыбайластары қамауға алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →