Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Синоптиктер 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

    Синоптиктер 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

    Фото: freepik.com

     «Қазгидромет» 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

    Астанада бұлтты, қар, боран, көктайғақ, жел 25 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -9…-11°C.

    Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -4…-6°C, күндіз +1…+3°C. 

    Шымкентте көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 8-13 м/с., түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.

    Солтүстік пен Орталықта: Қарағанды, Көкшетау, Павлодар және Петропавл қалаларында қар жауып, жел күшейеді. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетуі ғажап емес. Бұл аймақтарда да боран соғып, көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін.

    Батыс пен Шығыста: Ақтау мен Атырауда жауын-шашын жоқ, бірақ күн бұлтты. Ал Өскеменде күн суық, түнде -8°C, күндіз -6°C шамасында болады деп күтілуде.

    Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.

    Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с., ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз + 3…+5°C.

    Оралда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -12…-14°C, күндіз -7…-9°C.

    Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы -6…-8°C, күндіз -4…-6°C. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →