Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    2036 жылы жүргізушісіз жүк көліктері келеді: Министрдің уәдесіне жұрт күмәнмен қарады

    2036 жылы жүргізушісіз жүк көліктері келеді: Министрдің уәдесіне жұрт күмәнмен қарады

    Фото: primeminister.kz

    Қазақстанда жол сапасы, жөндеу жиілігі мен миллиардтаған қаржының игерілуі талқылаудан түспей жатқанда, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев тағы бір батыл мәлімдеме жасады. Министрдің айтуынша, елде салынатын жаңа трассалар 40–50 жылға есептеліп, 2036–2040 жылдары Қазақстанмен жүргізушісіз, электрлі жүк көліктері жүріп өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алайда сарапшылар да, қарапайым жүргізушілер де сұрақ қойып жатыр:
    Қазіргі жөндеуге шыдамайтын жолдардың өзіне сенім жоқ кезде, автономды жүк көліктеріне арналған инфрақұрылым шын мәнінде дайын бола ма?

    Сауранбаев жаңа магистральдарға «арнайы датчиктер орнатылады» деп уәде етті. Бірақ мамандар бұл жүйе өте қымбат екенін, ал еліміздегі жол құрылысының өзі жыл сайын сынға ұшырайтынын еске салады.

    Министр 2027 жылы көрші елдермен бірлескен пилотты жоба іске қосылуы мүмкін екенін айтты. Бірақ қоғамда тағы бір күмән бар:
    Жүргізушісіз жүк көліктерінің жылдамдығы артқанымен, еліміздегі бақылау, қауіпсіздік және шекара бекеттерінің цифрлануына дайындық қандай деңгейде?

    Сауранбаевтың айтуынша, автономды көліктер транзитті жылдамдатып, экологияны жақсартады. Алайда жұртшылық «алдымен қолдағы жолдарды дұрыстап алмай, болашақ технологиялар жайлы айту – ерте емес пе?» деген пікірде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →