Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Түркістанда 115 млн теңге жымқырылды: бас дәрігерге қатысты тергеу басталды

    Түркістанда 115 млн теңге жымқырылды: бас дәрігерге қатысты тергеу басталды

    Фото: Pixabay

    Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Агенттік мәліметінше, «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының» бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне қажетті құрылғыларды сатып алу процесін жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, ондаған келісімшарт жасау арқылы тендерді айналып өтуді ұйымдастырған.

    Тергеу деректерінде айтылғандай, ол осы схеманы жүзеге асыру үшін медициналық техника жеткізу саласын жақсы білетін танысын тартқан. Сыбайласы өзіне бағынышты адамдардың, туыстары мен таныстарының атына рәсімделген компанияларды пайдаланған. Сол фирмалар атынан әдейі асыра көрсетілген баға ұсыныстары әзірленген.

    Шын мәнінде жабдықты басқа компания жеткізгенімен, құжаттар — келісімшарттар мен қабылдау актілері — бас дәрігер бақылауындағы коммерциялық ұйымдар арқылы рәсімделген. Аурухана олардың есепшотына қаржы аударғаннан кейін күдіктілер ақша қаражатын қолма-қол шығарып, бөліске салған.

    Мемлекетке келген шығын — 115 миллион теңге.

    Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті қылмыстық жолмен табылған ақшаға Нұр-Сұлтан қаласынан екі бөлмелі пәтер сатып алған. Сот бұл мүлікке тыйым салды.

    Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылса, оның сыбайласы үй қамаққа алынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →