Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті •

    Танымал тележүргізуші Диля Ибрагимова өмірден өтті

    Танымал тележүргізуші Диля Ибрагимова өмірден өтті

    Фото: Әлеуметтік желі

    Танымал спорт тілшісі, қазақстандық журналист Диля Ибрагимова дүниеден өтті. Ол соңғы бірнеше жыл бойы ауыр сырқатпен күресіп келген еді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Диля Ибрагимова тележурналистикада ұзақ уақыт еңбек етіп, спорт жаңалықтарының бетке ұстар жүргізушілерінің бірі ретінде танылды.

    Ол «Хабар» мен «КТК» арналарында спорт хабарларын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Жоғары кәсіби деңгейі мен азаматтық ұстанымының арқасында көпшілікке үлгі болып, осы саладағы жас мамандарға жол көрсетті.

    «Оның еңбегі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардың есінде сақталады деп сенеміз», – деп жазды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі көңіл айту хабарламасында.

    Qazaq Today редакциясы марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →