Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО)

    Алматының мақтанышы: Шымбұлақ ЮНЕСКО клубы атанған әлемдегі жалғыз курорт

    Алматының мақтанышы: Шымбұлақ ЮНЕСКО клубы атанған әлемдегі жалғыз курорт

    Фото: Шымбұлақ баспасөз қызметі

    Алматының інжу-маржаны саналатын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты әлемдік тарихта жаңа белесті бағындырды. Енді ол – жай ғана сырғанау алаңы емес, ресми түрде ЮНЕСКО клубы. Бұл туралы шешімді Қазақстандық Ұлттық клубтар федерациясы (KazFUCA) қабылдады.

    Бұл жай ғана атақ емес. «Шымбұлақ» – жер шарындағы ЮНЕСКО клубы статусын алған тұңғыш әрі жалғыз тау курорты. Бұған дейін әлемнің ешбір еліндегі тау шаңғы кешені мұндай биік бағаға ие болмаған еді.

    Мәртебе курорттың соңғы жылдары атқарған қыруар жұмысының нәтижесінде беріліп отыр. Арнайы комиссия Шымбұлақтың білім беру, экологияны қорғау және мәдениет саласындағы белсенділігін жоғары бағалаған.

    Экология және қауіпсіздік – басты назарда

    Курорт ұзақ уақыттан бері ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) стратегиясын ұстанып келеді. Яғни, табиғатты аялау мен тұрақты дамуды бірінші орынға қойған.

    Мысалы, былтыр KazFUCA-мен бірлесіп, «Mұздықтарды қорғау» тақырыбында ауқымды шығармашылық байқау өткізсе, биыл оқушылар үшін өте маңызды жобаны қолға алды. Ол – «Жастардың таудағы қауіпсіздігі» бағдарламасы.

    Тауға шығу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жақында ғана Шымбұлаққа ЮНЕСКО клубтарының жаһандық форумының қатысушылары арнайы келіп кеткен болатын.

    Бұл статус бізге не береді?

    «Шымбұлақ девелопмент» бас директоры Ринат Әбдірахмановтың айтуынша, жаңа мәртебе халықаралық аренада жаңа есіктер ашады.

    «ЮНЕСКО клубы атануымыз – экологиялық ағарту бағытындағы еңбегіміздің жемісі. Бұл бізге халықаралық білім және мәдени жобаларға қатысуға үлкен мүмкіндік береді. Біз осы бағытта жұмысты күшейте береміз», – деп атап өтті басшы.

    Айта кетейік, ЮНЕСКО клубтары – бұл білім, ғылым және мәдениет саласындағы игі бастамаларды қолдайтын ерікті бірлестіктер. Енді қазақстандық курорт та осы жаһандық қозғалыстың толыққанды мүшесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →