Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • «Дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы»: Желіде Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмді» басқарған кезеңіне қатысты дау шықты • Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • Семейдегі Жоламан кентін су басты: тұрғындар көшенің орнына көл кешіп жүр • Сергей Романович Қазақстанда сериал түсіреді: 6–8 серия, басты рөлде өзі • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған • «Дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы»: Желіде Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмді» басқарған кезеңіне қатысты дау шықты • Сыныптасының телефонынан жалған хабарлама жолдаған: Павлодарда оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматы облысында тұрғындар өз ақшасына төсеген асфальттан айырылды: ауыр техника көшені батпаққа айналдырған •

    СҚО-дағы ауылда егеуқұйрық қаптап кетті

    СҚО-дағы ауылда егеуқұйрық қаптап кетті

    Фото: видеодан скрин

    Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының тұрғындары егеуқұйрықтың көбейіп, пәтерге дейін кіріп кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желіде тұрғындар оқиғаларын айтып берді. Айтуларынша, соңғы уақытта кеміргіштердің саны еселеп өскен. Кейбірі күніне 3-4-еуінің көзін жойғанымен, олар азаяр емес. Тіпті көпқабатты үйдегі пәтерлерге дейін кіріп, жұрттың мазасын алған.

    — Қазір балаларды дәретханаға жалғыз жіберуге қорқамыз. Олар адамдарға да шабуылдайды ғой. Не істерімізді білмей отырмыз. Қауіпті кеміргіштердің көбеюіне қатты тұрмыстық қалдықтардың дер кезінде шығарылмауы себеп. Сондай-ақ бұралқы иттер мысықтарды қырып, қазір егеуқұйрық аулайтын мысық қалмаған, — дейді Бескөл тұрғындары.

    СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары дератизация жұмыстарын тұрғындар өз қаражатына жүргізуі тиіс екенін айтты немесе бұл мәселемен мүлік иелері бірлестігі айналысуы керек.

    — Кеміргіштер жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы. Үйлердің қабырғаларын тесіп, зақымдап, сымдарды кеміріп, азық-түлікті бүлдіреді. Олар адамдарға да шабуылдауы мүмкін. Тіпті лептоспироз, иерсиниоз, туляремия сияқты және т.б. қауіпті ауруларды да таратады, — дейді департамент қызметкерлері.

    Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматыда кеміргіштермен күресу үшін 47 мың га астам жер қамтылатынын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →