Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды •

    Елена Рыбакина Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет енді

    Елена Рыбакина Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет енді

    Фото: ktf.kz / instagram

    Теннис тарихында ең ірі көлемде табыс тапқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына ресми тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) биылғы WTA қорытынды турнирінде 5,235 млн АҚШ долларын тапқан болатын.

    Осыған дейін мұндай табысқа ешкім жеткен емес. Бұрынғы рекордтар белоруссиялық Арина Соболенко мен испаниялық Карлос Алькарасқа тиесілі еді. Олар биылғы АҚШ ашық чемпионатында 5 млн АҚШ долларынан тапқан-ды.

    Рыбакинаның Сауд Арабиясындағы жылдың қорытынды жарысында барлық бес қарсыласын жеңгені белгілі. Соңғы финалдық бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен ұтқан болатын.

    Осылайша, Елена Рыбакина Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет еніп отыр. Ол өткен жылы Аустралия ашық чемпионатында ресейлік Анна Блинковамен ең ұзаққа созылған тай-брейкке қатысқан еді.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы турнирде бір күнде екі кездесуін жеңіспен аяқтағанын жазған едік.

    Сондай-ақ қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →