Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Арыста мас күйде жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірген мұғалім әйел тоғыз жылға сотталды Минералдық-шикізат қорын дамыту: Қазақмыс Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын жалғастыруда Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Арыста мас күйде жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірген мұғалім әйел тоғыз жылға сотталды Минералдық-шикізат қорын дамыту: Қазақмыс Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын жалғастыруда Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды

    Қазақстанда өзгенің брендімен табыс тапқандарға түрме жазасы қарастырылмақ

    Қазақстанда өзгенің брендімен табыс тапқандарға түрме жазасы қарастырылмақ

    Фото: Pixabay

    Қазақстан Әділет министрлігі зияткерлік меншік саласындағы жауапкершілікті күшейтуге кірісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Енді танымал бренд атауын немесе тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Министрлік ұсынған түзетулерге сәйкес: Тауар белгісін заңсыз қолданғандарға салынатын айыппұл көлемі 314 мыңнан 786 мың теңгеге дейін ұлғаяды; Құқық бұзушыға үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы ықтимал; Брендтік даулар бойынша сараптама мерзімі 10 жұмыс күніне дейін қысқарады, бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар елде бренд ұрлығына тосқауыл қоюға және әділ бәсекені қорғауға бағытталған. Ведомство өкілдері атап өткендей, егер заң бұзушылық жүйелі сипат алып, бизнеске ірі залал келтірсе, жаза барынша қатаң болады. Сарапшылар бұл бастаманы нарықты “жалған брендтерден” тазартуға және кәсіпкерлердің зияткерлік меншікке деген жауапкершілігін арттыруға жасалған маңызды қадам деп бағалап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →