Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды •

    «Жіберуді үйрену керек»: Шавкат Рахмонов оқыс оқиғадан кейін үн қатты

    «Жіберуді үйрену керек»: Шавкат Рахмонов оқыс оқиғадан кейін үн қатты
    Фото: Chris Unger, Getty Images

    Қазақстандық танымал спортшы Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында ойлы жазбасымен бөлісті.

    Жауынгер өмір мен уақыттың мәнін, адамдардың өмірге келуі мен кетуін философиялық тұрғыда жыр жолдары арқылы жеткізді.

    «Сен тірі болғанда барлығы өз ағысымен жүре береді. Біреуі келіп бір сәтке ғана жарық шашады. Біреуі кетіп сенімен қоштасады. Соңында тек сенің уақытың ғана қалады. Жаныңды жылытқанды ұстап қал да жіберуді үйрен. Сонда ғана жүрек өмір сүруді, күте білуді үйренеді», деді ол.

    Бұл жолдар өмірдің өткіншілігін еске салып, әрбір сәтті қадірлеуге, жүректі жылытар нәрсені бағалауға және қажет болғанда өткенді қоя білуге шақырады.

    Желі қолданушылары Шавкаттың жазбасын жылы қабылдап, пікірлер қалдыруда. Көпшілік оның сөзінен өмірлік мотивация мен рухани сабақ алғанын жазған. Шавкат Рахмонов тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ ойлы жазбаларымен де жанкүйерлерін шабыттандырып жүр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →