Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Тоқаев аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерін нығайтуды тапсырды Он секундта таусылған орын: Астана мектептері неге өсімге ілесе алмай отыр? Оңтүстік Кореяда рекордтық жауын жауды Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды «Алкогольге тәуелділік»: Олимпиада чемпионы алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Тоқаев аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерін нығайтуды тапсырды Он секундта таусылған орын: Астана мектептері неге өсімге ілесе алмай отыр? Оңтүстік Кореяда рекордтық жауын жауды Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды «Алкогольге тәуелділік»: Олимпиада чемпионы алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты

    «17 млн доллар, қымбат көлік, элиталы үйлер»: ҰҚК Мәсімовке тиесілі мүліктердің бір бөлігін жариялады

     

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастыруда. Бұл туралы Qazaq.Today комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған.

    «Отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері құжатталды. Атап айтқанда, жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК Төрағасы лауазымында 2 млн. АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Осы қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді», — делінген ҰҚК хабарламасында.

    Сонымен қатар, Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд. теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

    «2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары алынды. Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды. Мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қ. екі элиталық пәтер, Алматы қ. 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды», — длінген ҰҚК  баспасөз қызметі.

    Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

    Барлық көрсетілген фактілер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →