Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: қандай оқиғалар болжанған? Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: қандай оқиғалар болжанған? Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады

    Еркек түзу жүрмесе де әйел көну керек — Тамара Асар (ВИДЕО)

    Еркек түзу жүрмесе де әйел көну керек — Тамара Асар (ВИДЕО)

    Фото: @tamara_assar_official

    Белгілі әнші Тамара Асардың бағдарламасында айтқан сөзі жұрт арасында үлкен пікірталасқа ұласты. Ол отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы ойын білдіріп, әйелдің төзімділігі мен мейірімін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    «Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білу керек. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема – әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды», – деді Тамара Асар.

    Бұл сөз көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

    Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді:

    Қолдағандар:
    – «Әйел – шаңырақтың ұйытқысы, төзімділік танытпаса отбасы ұзаққа бармайды»;
    – «Ер азаматты сыйлаған сайын ол да бағалайды, Тамара ханым дұрыс айтады»;
    – «Бұл – өмірлік тәжірибеден алынған сөз». 

    Қарсы шыққандар:
    – «Әділетсіздікке көне беру – әйелдің құқығын таптау»;
    – «Өзін сыйламайтын адамға төзудің қажеті жоқ»;
    – «Ер адам жауапкершіліктен қашпай, түзу жүруге тиіс». 

    Осылайша, Тамара Асардың пікірі қоғамда қызу талқыға түсіп, отбасыдағы теңдік пен әйелдің рөлі туралы пікірлерді қайта қозғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →