Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? •

    Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы бір тұрғын үй кешені анықталды

    [ad_1]

    Жоспардан тыс тексеру барысында Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғын үй кешенінің 1-ші нүктесінен келісілген эскиздік жобадан ауытқу болғанын тіркеді. Сондай-ақ 2-ші нүктеде рұқсат құжаттамасы болмағанын анықтады. Бүгінгі таңда 1-ші нүктені меншік иесі өз бетінше пайдалануға берген.

    «Былтыр 14 қазаннан бастап тапсырыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша нұсқаманы орындамағаны үшін (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін) жауапқа тартылды»,- деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

    Басқарма нысанды пайдалануға қабылдау және бұзу актісінің күшін жою туралы сотқа талап-арыз жолдады, сот талқылаулары жүріп жатыр.

    «Сондықтан, қала тұрғындарына жоғарыда аталған мекенжай бойынша тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан бас тартқан жөн.


    Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp жедел желісі нөмірі бойынша хабарласып, алдын ала құжаттардың толық пакетін тексеріп алуды ескертеміз»,- делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →