Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады •

    Қағып тоқтатқан: ШҚО полицей мотоцикл жүргізушісін өлтіріп ала жаздады (ВИДЕО)

    Қағып тоқтатқан: ШҚО полицей мотоцикл жүргізушісін өлтіріп ала жаздады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скриншот

    Риддер қаласында полицей қызметтік көлікпен мотоцикл айдаушыны қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Екінші ауданға қарай түсер тұста ол қарсы жолаққа шығып, тұтас сызықты қиып өтіп, үш мотоциклшінің бірін қағып кеткен.

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік автокөліктің жылдамдығы жоғары болмаған, мотоцикл жүргізушісі зардап шекпеген.

    — 16 тамыз күні Риддер қаласында учаскелік инспектор қызметтік көлікті басқара отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзған мотоцикл айдаушыларды тоқтатпақ болды. Алайда басқаруды игере алмай, олардың біреуімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті. 

    Мотоцикл жүргізушілері көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарған және маневр жасау ережелерін бұзған. Оларға шара қолданылды.

    Полицейдің өзі де жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Оның іс-әрекетінің заңдылығы мен негізділігіне баға беру үшін қызметтік тексеріс тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →