Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Тоқаев: Билікте енді отбасылық-кландық жүйе жоқ

    Тоқаев: Билікте енді отбасылық-кландық жүйе жоқ

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде елімізде билік жүйесінде отбасылық-кландық құрылымның жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    «Бүгінде біз бүкіл халық болып бірлікпен Әділетті, Таза әрі Күшті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін маңызды реформалар жүргіздік. Бұл — ауқымды да күрделі жұмыс, нәтижесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Саяси жүйе толық жаңарды, жаңа экономикалық бағыт айқындалды. Қоғамымыз өзгеріп, азаматтардың санасы жаңаруда. Мемлекеттік қызметте меритократия қағидасы орнықты. Билікте енді отбасылық-кландық жүйе жоқ. Лауазымға тағайындауда ең алдымен білім мен кәсіби біліктілік ескеріледі», — деді Мемлекет басшысы.

    Президенттің айтуынша, қазіргі Қазақстанда еркін ойлы, заңға құрметпен қарайтын жаңа буын өсіп келеді.

    «Заң мен Тәртіпті құрметтеу — бұлжымас қағидаға айналуда. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан дамудың жаңа сапалы кезеңіне қадам басты. Алайда өзгерістерді жариялау жеткіліксіз, оларды берік орнықтыру да маңызды. Бұл үшін қоғамдық сананы жаңғырту қажет. Осы орайда, құрметті ұстаздар, сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Себебі нағыз Адал азамат ең алдымен мектеп қабырғасында қалыптасады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Биылғы Тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →