Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда самокат мінген жігіттің кесірінен пойыз шұғыл тоқтады

    «Маңғыстау-Алматы» жолаушылар пойызы шұғыл түрде тоқтады. Теміржол бойында электр самокат мінген жігіт тұрғандықтан, машинист пойызды шұғыл түрде тоқтатқан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 15 мамыр сағат 15:44-те ер адам Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

    «Жолаушылар пойызы 3 минутқа тоқтатылды. Қазіргі уақытта құқық бұзушының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. Онда теміржолдың бойында жалға алған электрлі самокаты бар ер адамның машинистпен дауласып тұрғанын көруге болады.

    instagram.com

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →