Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады

    «Жараспадық, мінезі тік болды»: Басқа әйелге қырындауды «күнә» санайтын Тоқтар Серіковтің қыздарға жазған хаттары оқылды

    «Жараспадық, мінезі тік болды»: Басқа әйелге қырындауды «күнә» санайтын Тоқтар Серіковтің қыздарға жазған хаттары оқылды

    Фото: скрин

    Тоқтар Серіковтің алғашқы махаббаты болған қыз оның сезімге толы хатын оқып беріп, әншіні ұялтып қойды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Бенефис шоу» бағдарламасының шығарылымдарының бірінде жұлдызды отбасы Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева қонақ болған. Сонда Серіковтің сыныптасы болған әйел олардың арасында болған махаббат туралы айтып берген.

    «Тоқтар екеуміз 1990 жылы Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа бірге келгенбіз. Ол «Б» сыныбында оқыса, мен «А» сыныбында оқып, интернаттың нанын бөлісіп жеп, өстік. Тоқтар екеуміздің махаббатымыз сол жерден басталды. Республикалық олимпиадаларға бірге баратынбыз. Біздің махаббатымызды бүкіл мектеп, мұғалімдер білетін. Тоқтардың толассыз хаттары, толассыз әндерін сыныптастарымыз маған арналған деп ойлайтын», — деді Айгүл Көбекова.

    Ол Тоқтар Серіковтің өзіне арнап жазған бір шумақ өлеңін оқып берді. Оны көрген әнші жанында отырған жұбайына қарап, бағдарлама жүргізушілеріне «бізді ажырастыруға шақырдыңдар ма» деп, ұяла күліп алды. Содан соң өзі де жастық шағын еске алып, алғашқы махаббаты туралы аз-кем баяндап берді.

    Бұған дейін Тоқтар Серіков басқа қызға, әйелге қырындап, хат жазуды, тіптен жанына жатуды жақтырмайтынын айтып, ақталған еді. Ол тоқал дегенге мүлдем қарсы екенін де ашық айтып, әйелінің жанында ақталған. Алайда арада біраз уақыт өткенде әншінің қыздарға тым сезіммен көп хат жазатындығы беліглі болды.

    «Бұл Айгүл Көбекова деген Қызылорданың қызы. Айтыскер болатын. Айтарлықтай қол ұстасып, ұзақ жүрген жоқпыз. Бірақ хат жазғаным рас, оның мінезі тік еді, содан екеуміз жараспадық. Кейін күйеуге тиді», — деді Тоқтар Серіков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →