Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Алматыда автобус 30 жастағы әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Алматыда автобус 30 жастағы әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды

    13 адамның ажалы: Алматы хостеліндегі өртке кінәлі директор жеңіл жазамен құтылмақ

    13 адамның ажалы: Алматы хостеліндегі өртке кінәлі директор жеңіл жазамен құтылмақ

    Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Соттағы соңғы сөзінде қос айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады.Олар 13 адамның өмірін жалмаған өртке өздерінің кінәлі емес екендіктерін айтып отыр.

    Сотта қылмыстық іс бойынша хостелдің директоры Әділбек Мұхамедияров пен ғимаратқа өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатқан Александр Пекельник жауап берген. Прокурор олардың бірін 4 жылға, екіншісін 5 жылға соттауды сұрады. Ғимаратты жалға алған Мұхамедияров иелері онда өрт қауіпсіздігі сақталған деп сендірді деп отыр. Ол соттағы соңғы сөзінде бес баласы мен қарт ата-анасы бар екенін айтты. Марқұмдардың жақындарына «қаржылай көмектестім» деген ол, өзін түрмеге қамамауды сұрады.

    Екінші айыпталушы да сотта хостелдегі өртке «еш қатысым жоқ» деп отыр. Бұл қайғылы оқиға 2023 жылдың қарашасында болған. Қала орталығындағы хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам мерт болған еді. Оның төртеуі шетел азаматы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →