Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды

    Мобильді аударымдарды тексеріп, тергеу қыркүйекте басталады: қаржы вице-министрі аударымдық тексерулерден құтылудың жолдарын айтты

    Мобильді аударымдарды тексеріп, тергеу қыркүйекте басталады: қаржы вице-министрі аударымдық тексерулерден құтылудың жолдарын айтты

    Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің жаңа шарттары 2025 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Тексеріске түсіп қалмаудың қандай амалдары бары және қандай аударымдардың есепке алынбайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов екі айдан кейін мобильді аударымдар жаңа әдіспен тексеріле бастайтынын айтты. Оның сөзінше, мобильді аударымдар туралы мониторингі бойынша ақпараттар әлден келіп жатыр.

    «Ол жерде басқа критерийлер болды. Қазір үшінші критерийді қарастыратын бұйрық дайын. Ол бүгінгі заң жобасынан кейін (салық мәселелері бойынша — еск.) қабылдануы керек еді. Заң қабылданды, ол 60 күн ішінде күшіне енеді. Соған сәйкес нормативтік құжат қабылдап, жұмыс істейміз. Қыркүйект жұмысын бастайды», — деді вице-министр. 

    Журналистер «туыстар арасындағы аударымдар тексеріле ме» деп сұрады. Вице-министр үш айда 100 түрлі адамнан ақша аударымдары болғанда тексеріске алынатынын ескертті. Тек балалар мен ата-аналар арасындағы аударымдарға тексеріс болмайды.

    Банкомат арқылы толықтыру, депозиттен аудару, жалақы және әлеуметтік төлемдер есепке алынбайды.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 3 ай ішінде мобильді аударымдар бойынша белгіленген шек – 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), яғни 2025 жылы бұл 1 020 000 теңге. Бұл лимитті Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер бірлесіп бекіткен.

    «Егер анасы қызына, әкесіне, ағасына ақша аударса – ешқандай сұрақ туындамайды. Тіпті бұл 1-2 миллион теңге болса да, мәселе жоқ. Барлық критерий бір мезетте орындалуы керек, барлық шарт. Бірінші: 100 түрлі адам. Егер екі адам бір-біріне, тіпті 10 адам болса да… Енді сізге жыл сайын ақша аударатын 100 туысқаныңыз жоқ шығар. Онда бұл критерийге сәйкес келмейсіз. Екінші: егер 100 адам үш айда бір адамға ақша аударатын болса. Үшінші: сома 1 миллион теңгеден асқан жағдайда», – деді Біржанов.

    Егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген адамның шотына 3 ай ішінде 1 миллион теңгеден артық қаражат түссе және ол қаражат көптеген әртүрлі адамдардан келсе, салық органдары тексеріс жүргізе алады. Сонымен қатар, тек басқа жеке тұлғалардан келген аударымдар есепке алынады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →