Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты •

    «Әкесі – дүлдүл, анасы – бұлбұл!»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

    «Әкесі – дүлдүл, анасы – бұлбұл!»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

    Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндік шеше болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Суырыпсалма ақын жеке парақшасында қос өнерпаздың ұлына өлең де шығарып үлгерді.

    Айнұр Тұрсынбаева қазір шет елде өмір сүреді. Ол күні кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келіп, кіндік ана атанған.

    «Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой», – деп жазды ақын.

    Одан кейін жыр шумақтарын арнады. Ерке Есмахан ұлының атын Батыр деп қойған еді.

    «Әкесі – дүлдүл,
    анасы – бұлбұл!
    Кіндік шешесі – ақын,
    Өзі – Батыр!
    Қазаққа жақын
    Ұл туып жатыр…», – деп жазды ақын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →