Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті •

    Қытай қазағы Ташкентте екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

    Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының бес боксшысынан бөлек, тағы екі қазақ баласы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 80 келіге дейінгі салмақта Қытай елінің намысын қорғайтын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан ширек финалды сәтті өткізді. Ол Рио және Токио олимпиадаларының чемпионы, кубалық Арлен Лопеспен жекпе жекке шықты. Бірінші раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін өзін тез жинап, жеңіске жетті. Осылайша, өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің жартылай финалына өтіп отыр. Ол кем дегенде қола жүлдегер болады. Айта кетелік, Тоқтарбектен бөлек, Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев та әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол 63,5 келі салмақта өнер көрсетеді. Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Қазақстан сапынан жартылай финалға бес боксшы жолдама алды.

    Ақпарат көзі: kaz.nur.kz/

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →