Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті •

    Аймағамбетов ана мен балаға берілетін төлем жайлы айтты

    Аймағамбетов ана мен балаға берілетін төлем жайлы айтты

    Қазақстанда ана мен баланы қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдерге биыл 1,7 триллион теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 210 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, мемлекет балалы отбасыларды қолдау мақсатында республикалық бюджет есебінен бес түрлі жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы екі әлеуметтік төлем түрін қарастырған.

    «Қазіргі таңда елімізде 2,1 миллионнан астам отбасы балалы болуына байланысты әлеуметтік төлемдер алып отыр. Бұл жүйе – отбасының табысына қарамастан бәріне бірдей қолжетімді», – деді Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.

    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 6,5%-ға артқан. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл шаралар Қазақстандағы демографиялық саясатты қолдауға және отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →