Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды •

    «Күндіз — имам, кешке — Иван»: «Ирина Кайратовна» тобы порноактрисамен суретке түсіп, сынға қалды

    «Күндіз — имам, кешке — Иван»: «Ирина Кайратовна» тобы порноактрисамен суретке түсіп, сынға қалды
    Фото: instagram.com/theevaelfi

    Ресейлік порноактриса Ева Эльфимен суретке түскен «Ирина Кайратовна» тобы әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Cурет Астанада өткен PGL Major 2025 халықаралық киберспорт турнирінде түсірілген. Бұл шараға Ева Эльфи құрметті қонақ ретінде шақырылған.

    Сурет әлеуметтік желілерде жылдам таралып, әсіресе Threads желісінде қызу талқылауға себеп болды. Сынның негізгі нысанына топ мүшелерінің бірі – Алдияр (Алдик) ілікті. Желі қолдануышары оны “екіжүзді” деп айыптады.

    Пікір қалдырушылар әртістің сұхбаттар мен подкасттарда жиі дін және руханият тақырыптарын қозғайтынын еске салып, «Күндіз – имам, кешке – Иван» деп жазды.

    Кейбір жанкүйерлер топтың әндерін көбінесе жасөспірімдердің тыңдайтынын алға тартып, топтан «көңілдері қалғанын» атап өтті.

    «ИК! Сіздерден толықтай көңілім қалды. Сіздерді балалар мен миллиондаған жасөспірімдер тыңдайды. Қазақстандық порноактрисамен суретке түсуге болмады ма?» – деп жазды қолданушылардың бірі.

    Желідегі талқы бір суреттің аясынан шығып, желі қолданушылары менталитет, әйел бостандығы және қоғамдағы қос стандарттар тақырыптарына да тоқталды.

    «Бүгін бір ресейлік актриса туралы оқыдым, ол +18 фильмдерге түскен екен. Жасөспірімдер мен ер адамдар суретке түсіп, қолтаңба алу үшін кезекке тұрыпты. Бізде қыздарды ашық киінгені үшін сынға алады емес пе? Жәбірленушіні “дұрыс киінбеген” деп айыптайтын да біздің қоғам емес пе? Бір ересектерге арналған фильм актрисасы кенеттен пір тұтылатын тұлғаға айналды. Кеше ғана айтылған «ұлттық құндылықтар» мен «тәрбие» қайда кетті? Өзім бұл жанрдың көрерменімін, бірақ насихаттамаймын. Қоғамдағы екіжүзділікті түсіну қиын», – деп жазды актер, режиссер және блогер Нұрлан Батыров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →