Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды • Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды •

    “Ажырасқандармен араласпа!”: Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы отбасылық өмірде болған қиындықтарын жайып салды

    “Ажырасқандармен араласпа!”: Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы отбасылық өмірде болған қиындықтарын жайып салды

    Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі қандай талап қойып, оны құрбыларының алдында ыңғайсыз жағдайға түсіргенін баяндап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ляйсираның жазуынша, Тұрсын Алагөзовпен отбасылы болған кезде, ол оған қатаң талап қойған.

    “Бір кезде ажырасқан құрбыларыммен араласуды доғардым. Себебі күйеуім солай талап етті: “Олармен араласуға болмайды”. Ол маған ультиматум қойды: Таңда — мен бе, әлде олар ма? Мен… оны таңдадым. Сол сәтте мен өз болмысымды құрбан еттім. Ажырасқаннан кейін қайтадан өзін тауып, еркін өмір сүріп жатқан құрбыларыма опасыздық жасадым. Өзім де ажырасқан соң, құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір біз қайтадан араласамыз”, – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →