Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты •

    Алматыда полиция қызметкері әйелін бауыздап өлтірді

    Алматыда полиция қызметкері әйелін бауыздап өлтірді

    Алматыда сұмдық жағдай орын алды. Алматы облысының полиция қызметкері тұрмыстық жанжал кезінде өзімен бірге тұрған әйелді бауыззап өлтірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Алматы полиция департаменті адам өлтіру фактісін растады.

    «Алдын ала анықталғандай, бірге тұратындар арасында отбасылық жанжал туындап, ер адам әйелді пышақтап өлтірген. Содан кейін күдікті мойын және іш тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады полиция департаменті.

    Полиция департаменті ер адамның бұрын Алматы облысының полиция департаментінде қызмет еткенін, бірақ жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғанын атап өтті.

    «Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде», — деп түйіндеді полиция.

    Алайда БАҚ-на тараған ақпаратқа қарағанда полиция бұрын емес, қылмыс жасағанға дейін де жол патрульдік полиция қызметінде жұмыс істеген. Тіптен сол күні кезекшіліктен шыққан. Ал 34 жастағы әйел Ұзынағаш ауылында балабақша меңгерушісі болған. Аяусыз өлтірілген әйелдің артында үш баласы жетім қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →