Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық оқушы Грекиядағы ағылшын тілі олимпиадасында бірінші орын алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қазақстандық оқушы Грекиядағы ағылшын тілі олимпиадасында бірінші орын алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды •

    «Бұл — қорлау»: Шакентидің бұрынғы сүйіктісі актердің сұхбатына қатысты пікір білдірді

    «Бұл — қорлау»: Шакентидің бұрынғы сүйіктісі актердің сұхбатына қатысты пікір білдірді

    Актер Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева кино жұлдызының Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Stan.kz мәліметінше, Әлішер Елікбаев Алматыдан Астанаға көлікпен сапар шеккен кезде актер Серік Шәріптен сұхбат алған. Айта кетейік, бұған дейін Шәріп (көпшілікке “Шакенти” лақап атымен белгілі) әлеуметтік желіде бұрынғы сүйіктісіне агрессиялық әрекет көрсеткені үшін дауға қалған еді.

    “Мен бұл адамдардың арандатуына жауап бергім келмеді. Бірақ бұл тек маған қатысты емес, бұл – әйелдерді қорлау. Олар күліп отыр. Бұл – сұмдық. Мен өзіме әрең келе бастадым, ал олар күліп отыр. Осы күнге дейін мен әкемнің өлімін толық қабылдай алмадым. Бірақ мына жағдай мені бір шындықпен бетпе-бет әкелді: Мен өзімді өзім ғана қорғай аламын. Әкем енді келмейді, енді мені ешкім қорғамайды. Бұл – ащы шындық. Әкемнің жоқ екенін енді түсіндім”, – деп жазды Әлия Бутеева.

    Еске салайық, Серік Шәріп жасанды интеллект арқылы өзін Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен арыз жазған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →